Жаңалықтар

Шымкентте спиртті қайта өндіретін астыртын зауыт қызметінің жолы кесілді

70 литр спирт анықталған

Шымкентте спиртті қайта өндіретін астыртын зауыт қызметінің жолы кесілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.   

Заңсыз әрекет Шымкент қаласы кәсіпорындардың бірінің өндірістік аймағында сатып алынған 70 литр спирт қосылған сұйықтық бар автокөлікті ұстау кезінде анықталды.

Аймақ аумағын тексеру барысында тағы 25 тонна суррогат алкоголь өнімі табылып тәркіленді, сарапшылар оны 35 млн. теңгеге бағалайды.
Шымкент қ. сотының үкімімен кәсіпорын басшысы 1 жылға бостандығын шектей отырып, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін кінәлі деп танылды.
Тәркіленген заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылды.