Мемлекет басшысының бұйрығымен Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Берік Шолпанқұлов 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
1996 ж. – Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша бітірген. 2016 ж. – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы ұлттық қорғаныс университетін «әскери және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылықтың қолма-қол ақшамен және мемлекеттік қарызды басқару бөлімінің қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы болып бастаған. 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы Бірінші вице-министрі болып қызмет етті. Ол үйленген және екі ұлы бар.