Бәрінің қолында бір-бір телефон. Қазақстандықтар қандай смартфон ұстайды?

Жарияланды
Еліміздегі смартфон нарығының 2020 жылғы көрсеткіші

IDC компаниясы жүргізген Worldwide Quarterly Mobile Phone Tracker зерттеуіне сүйенсек, 2020 жылы қазақстандық мобильді телефондар нарығы 11 пайызға артып, 4,7 млн бірлікке жеткен. Сонымен қатар смартфон жеткізу де 2019 жылмен салыстырғанда 6,7%-ға өсіп, 4,3 млн бірлікке жеткен. Бүгінде Қазақстан нарығында батырмалы телефондар сатылымы айтарлықтар азайыпты, ол сатылымның тек 9,1 пайызын құрайды.

IDC мамандары атап өткендей, 2020 жылы наурыз айынан мамыр, шілде-тамызғаи дейін, бірінші локдаун кезінде Қазақстанға смартфон тасымалдау  біршама төмендеген. Алайда жаз соңына қарай сауда орталықтарының жұмысына рұқсат беріле бастағанда, смартфон саудасы қыза бастаған.

Жаз айларындағы локдаунға қарамастан, 2020 жылдың ІІІ тоқсанындағы сатылым 2019 жылдың жазымен салыстырғанда 20,8 пайызға жоғары болып шыққан. Ал былтырғы IV тоқсанындағы смартфон саудасы 2019 жылдың сол кезеңімен бірдей болған.

11-полоса_Смартфоны.jpg

Былтыр еліміздегі смартфон нарығындағы жағдай  біраз өзгеріп, Huawei смартфондарының сатылымы төмендеген. Егер 2019 жылдың басында бұл өндіруші қазақстандық смартфон нарығының төрттен бір бөлігін иеленсе,  2020 жылдың соңғы тоқсанында Huawei үлесі 2,8%-ға төмендеген. Xiaomi бір жыл ішінде нарықтағы  үлесін екі есе арттырса, OPPO  да нарықтан өз орынын алуға тырысып жатыр.  Ал Samsung смартфондары – қазақстандықтардың таңдауы көп түсетін телефондар, бұл компания елдегі смартфон нарығының кем дегенде жартысын қамтамасыз етіп отыр. 

IDC EMEA аға сарапшысы Наталья Милктың айтуынша, әйгілі Apple компаниясының қазақстандық нарықтағы үлесі аз. Тіпті қараша айында 5G ұстайтын  iPhone 12 шығуы да аса үлкен әсер бермеген. 

IDC компаниясының болжамынша, 2021 жылы телефон нарығындағы көрсеткіш былтырмен салыстырғанда, тұрақты  күйде қалады. Есесіне биыл V тоқсанда 5G көлемі едәуір артуы ықтимал. 

Айта кетейік, 5G жобасы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында  биыл жыл соңына қарай іске қосылуы керек. Ал 2025 жылға қарай  5G-мен бүкіл ел қамтылады деп жоспарланған. 
 

Сондай-ақ оқыңыз