Данияда індетке қарсы екпе алғандарға ковид-төлқұжаты беріле бастады
Данияда індетке қарсы екпе алғандарға ковид-төлқұжаты беріле бастады. Бұл туралы «Хабар 24» сайты хабарлады..
Бұл төлқұжат спорт залға, мейрамхана, кинотеатрға кіретінкезде талап етіледі.
21 сәуірден бастап құжат иелері галерея, мұражай мен кітапханаларды да емін-еркін аралайды.
Денсаулық сақтау ұйымының өкілдері бұл идеяны құптамай отыр. Олар төлқұжат кемсітушілікке жол беретінін айтады.
«Өзге ел аумағына өтуде вакциналау төлқұжатының талап етілуі дұрыс емес. Өйткені кейбір адамдар нақты бір себептермен екпе қабылдай алмайды. Мәселен, көп елде жасы 18-ге толмағандар мен аяғы ауыр келіншектер препаратты алып жатқан жоқ. Тіпті вакциналау әлі басталмады. Демек, ол ел азаматтарының құқығы шектелуі мүмкін»-деді, ДДСҰ ресми өкілі Маргарет Харрис.