Қарыз шартына қол қойған кезде мұқият болыңыз!

Жарияланды
Қандай тармақтарға назар аудару қажет

Қарыз алушылардың қаржы ұйымдарымен проблемаларының басты себебі қарыз шартына қол қойған кезде олардың шарттың талаптарына мұқият қарамауы болып табылады. Қарыз алушы шарттың талаптарын зерделемей, ол бойынша міндеттемелерді орындамау салдарының маңыздылығын толық түсінбейді.Бұл туралы fingramota.kz сайты хабарлады.

Қарыз шартына қол қоя отырып, қарыз алушы оның талаптарымен, кредиттік ұйымдардың мерзімі өткен берешекті өндіріп алу жөніндегі іс-қимылдарымен автоматты түрде келіседі.

Сондықтан шартқа қол қоймас бұрын оны мұқият зерделеу қажет! Мынадай тармақтарға назар аударыңыз:

Қарыз сомасы мен мерзімі;
Сыйақы мөлшерлемесі;
Төлемдер саны және тәртібі;
Артық төлеу сомасы;
Тараптардың құқықтары мен міндеттері.

Егер сұрақтарыңыз болса, оларды шартқа қол қойғанға ДЕЙІН  қою керек. Егер шарттың қандай да бір тармағы сізге ұнамаса – көрсетілетін қызметтен бас тартыңыз және қолайлы талаптары бар балама табуға тырысыңыз.

 

Сондай-ақ оқыңыз