Ливияда халықты коронавирус инфекциясына қарсы екпе егу науқаны басталды. Атап айтқанда, Триполиде алғашқы вакцинаны елдің уақытша премьер-министрі Абдель Хамид Дбейба мен денсаулық сақтау министрі Али аз-Зинати алды. Уақытша премьер екпе егу компаниясын өз кабинетінің басты мақсаттарының бірі деп жариялап, алдыңғы үкіметті вакцинацияның кеш басталғанына айыптады.Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
⠀
Италияда індеттің таралу қарқыны төмендеуде. Өткен тәулікте елде 17 567 жаңа жұқтыру жағдайы анықталғанын (бір күн бұрын – 18 938) елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Қарқынды терапия палаталарындағы пациенттердің саны 3603-тен 3588-ге дейін азайған.
⠀
Германияда эпидемиологиялық қаупі жоғары аймақтар үшін коменданттық сағат енгізілуі мүмкін. Мұндай шара жұқпалы аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес туралы жаңа заң жобасының аясында көзделген. Кешкі сағат 21.00 -ден таңғы сағат 05.00-ге дейін үйден кетуге тыйым соңғы жеті күн ішінде 100 мың тұрғынға шаққанда індетті жұқтыру деңгейі 100 жағдайдан асатын барлық округтерде енгізілмек.
⠀
Иранның 23 провинциясында эпидемияның тағы бір толқыны аясында 10 күндік локдаун енгізілді. Фирмалар, мектептер, театрлар, спорт мекемелері жабық, адамдардың топталып жиналуына тыйым салынған. Ислам Республикасының Президенті Хасан Роухани аурудың өршуін Иранға «Британдық» штаммның енуімен, сондай-ақ Наурыз мерекесі кезінде ел ішіндегі жүріс-тұрыстың көбейуі және адамдардың мерекелік шараларды ұйымдастырумен байланыстырып отыр.
Италияда індеттің таралу қарқыны төмендеуде
Ливияда халықты коронавирус инфекциясына қарсы екпе егу науқаны басталды
Сондай-ақ оқыңыз
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Қытай, Түркия мен Ресей: Қазақстанда қай елдің азаматтары жиі заң бұзады
-
Оқу уақыты ~ 9 мин.
Алматының «Шайтан базары»: Сатушылар мұңы мен жәдігерлер сыры
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Ел аумағында күн жылына бастайды: 18 наурызға ауа райы болжамы
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
Қадір түні-2026: Мың айдан да қайырлы түннің бағдарламасы
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
«Elorda Eco System» жұмысшылары жалақы мен сыйақыға қатысты наразылық білдірді
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Қабатовтың екінші әйелі Айман жұртқа ұнай бастады
-
Оқу уақыты ~ 5 мин.
Ақтөбе облысында бес адам жол апатынан қайтыс болды
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Жұбайының қыр соңынан қалмаған 51 адам қылмыстық жауапқа тартылды
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Атырау облысындағы отбасының өлімі: күдіктіге тағы айып тағылды
-
Оқу уақыты ~ 16 мин.
Баласын терезеден лақтырған ана: Ауыр депрессия ма, әлде ақталмайтын қылмыс па
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Аулада пышақтап кеткен: Ақтөбеде кісі өлтірді деген күдікті ұсталды
-
Оқу уақыты ~ 7 мин.
Қазақстанның ірі университеттері бюджетті қалай толтырып отыр