Машина жасау саласы 121,8% өсті

Жарияланды
Биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы қорытынды бойынша

Машина жасау саласында 121,8% өсім болды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысында еліміздің машина жасау саласы 121,8% деңгейінде тұрақты өсім көрсетті. 

Бұл өсімге автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді (+20,7%), машиналар мен жабдықтарды (+56,6%) шығару, өзге көлік құралдарын өндіру (+65,9%), компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар (+52,1%), электр жабдықтары (+9,8%), жөндеу және орнату (+5,4%) есебінен қол жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыз