Инвестициялық портфельді басқарушылар деген кім?
Зейнетақы жинақтары салымшылардың (алушылардың) жеке жарналарынан және инвестициялық кірістен тұрады.Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми телеграм-арнасы хабарлады.
БЖЗҚ-да сақталатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) түскен зейнетақы жарналарын әртүрлі қаржы құралдарына зейнетақы активтерінің сенімді басқарушысы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі инвестицияға салады.
Енді Қазақстан азаматтары өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін (жеткіліктіліктің ең төменгі шегінен жоғары) басқа басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға аудара алады. Біз оларды – инвестициялық портфельді басқарушылар, қысқаша – ИПБ деп атаймыз. Қалған зейнетақы жинақтары ҚР Ұлттық Банкінің (ҚР ҰБ) басқаруында болады.
Бүгінгі таңда төрт компания БЖЗҚ-мен сенімгерлік басқару туралы шарт жасасты. Олар:
• «Halyk Global Markets» АҚ
• «Jýsan Invest» АҚ
• «BCC Invest» АҚ
• «Сентрас Секьюритиз» АҚ
Өз жинақтарын басқа инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) жылына бір реттен артық емес жиілікпен аударуға болады; жинақтарды инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) сенімгерлікпен басқаруға алғаш рет бергенннен кейін екі жыл өткеннен соң ғана қаражатты, ҚР Ұлттық Банкінің басқаруына қайтаруға болады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару үшін БЖЗҚ-ға өтінім қалдыру қажет. Өтінімді enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіде салымшы өзі қалдыра алады.