Пашинян сәуір айының соңында отставкаға кетеді
Жарияланды
Елде мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтеді
Армения премьер-министрі Никол Пашинян елде мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу үшін отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс.
Никол Пашинян қызметінен кететінін сәуірдің соңғы 10 күнінде деп жариялады.
«Мен қызметімнен кеткеннен кейінгі жетінші күні парламент жаңа премьер-министрді сайлайды. Премьер-министр қызметіне менің кандидатурамды «Менің қадамым» фракциясы ұсынады. Ешқандай фракция үміткер ұсынған жоқ», – деді Пашинян парламенттегі« үкімет сағатында».