Израильде көшеде міндетті маска тағып жүру ережесі өз күшін жойды

Жарияланды
Франция билігі бес елден келгендерге міндетті карантин енгізбек

Бразилия COVID-19 өлім-жітім жайттары бойынша әлемде екінші орында. Рио-де-Жанейрода зираттарда орындардың болмауына байланысты қайтыс болғандарды жерлеу үшін жаңа кешен салынуда. Елде коронавирустық инфекциясының таралуы шеңберінде Бразилияның санитариялық қызмет өкілдері әйелдерге мүмкіндігінше жүктілікті кейінге қалдыруға кеңес беруде.Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Израильде көшеде міндетті маска тағып жүру ережесі өз күшін жойды. Елдің денсаулық сақтау министрлігі  коронавирустық инфекцияның таралу деңгейі төмен екенін атап өтті. Ғимараттарда жеке қорғаныс құралын тағу әлі де міндетті болып табылады.

Франция билігі Аргентина, Бразилия, Чили және Оңтүстік Африкадан келгендерге міндетті карантин енгізбек. Шектеу шаралары осы жылдың 24 сәуірінен бастап күшіне енеді.

Сондай-ақ оқыңыз