Таразда кәмелетке толмаған үш бала оқ жарақатымен ауруханаға түсті
Жарияланды
Қылмысқа күдікті анықталып, қамауға алынды
Таразда кәмелетке толмаған үш бала оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы Жамбыл облысы ДП баспасөз қызметінен хабарлады.
«Тараз полиция бөліміне облыстық балалар ауруханасына кәмелетке толмаған үш бала оқ жарақаттарымен жеткізілді деген хабарлама келіп түсті. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада.
Қылмысқа күдікті анықталып, қамауға алынды.
Кәмелетке толмағандардың денсаулығының жағдайы тұрақты, олардың өміріне ештеңе қауіп төндірмейді. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, істің егжей-тегжейлері тергеу мүдделері үшін айтылмайды, дейді полиция.