Жаңалықтар

Несиесін өтеу үшін үш ер адам жылқы ұрлаған

Жылқы иесіне 1,4 миллион теңге көлемінде шығын келтірілді

БҚО-да несиесін өтеу үшін жылқы ұрлаған үш ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Еркін жайылымнан төрт бас мал жылқысын ұрлап, қорасына қамап, сойып оны қалаға әкеп екі күн қатарынан сатқан үш сыбайлас ұсталды.

Жылқыны ұрлауына 1991 жылғы азаматтың мойнындағы несиесін өтеуі себеп болған.  Арнайы жедел іздестіру шаралары барысында оқиға орнында қараусыз қалған құдықтан төрт жылқының басы, аяқ-қолы мен құйрығы, сондай-ақ күдіктілерге әкелген іздер табылды.

БҚО ПД Казталов ауылының 1972, 1991 , 1999 жылдары туған үш азамат ұсталды. 1956 жылы туған Казталов ауылының тұрғыны, яғни жылқы иесіне 1,4 миллион теңге көлемінде шығын келтірілді. 

Қазіргі таңда ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Қазір іс сотқа жіберілді.