Жаңалықтар

Отандық QazVac вакцинасы өңірлерге жеткізіле бастады

Мемлекет басшысы екпені әзірлеген ғалымдарға алғыс білдірді

QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Президент Қасым-Жомарт  Тоқаев  Twitter-парақшасында отандық екпе өндірісі артатынын жазды.

«Барлық азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!» деді мемлекет басшысы. 

Бұған дейін Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында өндірілген QazVac (QazCovid-in) қазақстандық вакцинаның алғашқы 50 мың дозасы «СҚ-Фармацияның» хабтарына таратылатыны хабарланған еді. 

26 сәуірде халықты «QazVac» вакцинасымен вакцинациялау басталады. Мамыр айында 50 мың доза көлеміндегі вакцинаның кезекті партиясын шығару жоспарланған.