Түркістан облысының ауылдарында ұялы байланыс пен интернет қосылды
Нарықтағы жетекші ұялы байланыс операторы – Kcell АҚ қазіргі заманғы цифрлық сервис ұсыну арқылы цифрландыру мен ауыл халқын қолдау жұмысын жалғастырып жатыр. «250+» бағдарламасы аясында Түркістан облысының Жусансай және Аққойлы ауылдарында мобильді байланыс пен интернет қосылды.
Қазақстан цифрландыру бағытын осыдан бірнеше жыл бұрын ғана алып, бұл саладағы бірқатар ірі жобаны жүзеге асырды. Бүгінде Қазақстан қалаларының барлық тұрғыны кең жолақты және мобильді интернетке қол жеткізе алады. Алайда, халқы аз және ауыл арасы алыс, шалғай жатқан елдімекендерге интернет жеткізу оңай болған жоқ.
Тұрғын саны 250 адамнан асатын елді мекендерді жоғары жылдамдықты мобильді интернетке қосу жөніндегі арнайы жоба бүкіл елдегі жүздеген ауылды дүниежүзілік желіге қосатын кең жолақты мобильді байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Таяуда ғана 3G стандартты байланыс Жусансай және Аққойлы ауылдарында (Түркістан облысы) пайда болды. Жаңа жабдық пен сенімді әдіс арқасында осы екі ауыл тұрғындары дауыстық байланыс қызметін ғана емес, сонымен қатар бүкіл цифрлық әлемді ашты.
Сонымен қатар ғаламдық желіге шығуға заманауи гаджет екенін ескере отырып, Kcell компаниясы ауыл тұрғындарына Activ брендінің нөмірі салынған смартфондар сатылған арнайы акция өткізді. Нәтижесінде ауыл тұрғындары жаңа гаджетпен қатар, интернет-топтамасы қосылған activ нөмірлерін алды.
Kcell компаниясы жылдам мобильді интернеттің пайда болуымен Жусансай мен Аққойлы ауылындағы өмір сапасы өзгереді деген сенімде. Өйткені, енді осы екі ауылдағы аctiv абоненттері өзге миллиондаған тұрғын бұрыннан пайдаланып келе жатқан түрлі мүмкіндікке қол жеткізе алады. Бұл – цифрлық мемлекеттік және жеке қызмет алу, онлайн білім алу, қашықтан жұмыс істеу, жеке онлайн-бизнесті бастау және т.б. Сонымен қатар, жоғары жылдамдықты мобильді интернет видео көру, әлеуметтік желілерде сөйлесу, мобильді банкинг, телемедицина қызметтерін пайдалану мен онлайн сауда жасауға мүмкіндік береді. Осының барлығы Жусансай және Аққойлы ауылдарын дамыту, тұрғындарының бәсекеге қабілетін арттыру және өздеріне лайықты барлық мүмкіндіктерді жүзеге асыруына ықпал етуі тиіс.
PR-материал