БЖЗҚ қызметтерінің танымалдығы екі есеге артып, 9 миллионнан асты. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қзыметі хабарлады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың басынан бастап, 01.01.2021-01.04.2021 аралығындағы кезеңде өз салымшыларына 9,6 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. Өсімнің электрондық қызметтер бойынша да, БЖЗҚ филиалдарында көрсетілген қызметтер бойынша да болғанын атап өткен жөн.
Электрондық форматта қызметтердің жалпы көлемінің 91% астамы көрсетілген, бұл 8,9 миллион қызметті құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн қызметтердің танымалдығы екі есе өсті. БЖЗҚ-ның ыңғайлы және функционалды мобильді қосымшасы, сондай-ақ, enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы салымшы қызметтердің едәуір көлемін өз бетінше ала алады: жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме немесе ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, зейнетақы жинақтарының сомасын ішінара пайдалану және (немесе) ИПБ-ға аудару үшін тексеру, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны есептеу және т. б.
Салымшылардың бір бөлігі бұрынғысынша Қордың бүкіл Қазақстан бойынша орналасқан филиалдарына өтініш білдіреді. 1 сәуірдегі жағдай бойынша салымшылар БЖЗҚ бөлімшелерінде 777,5 мың қызмет алды, бұл өткен 2020 жылмен салыстырғанда 131,2 мың қызметке (немесе 20,3%) артық.
Сонымен қатар БЖЗҚ-да көшпелі қызмет көрсету бөлімдері де бар. Олар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жұмыс істейді, бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде көзбе-көз қызмет алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштер) және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету (1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар) туралы өтініштерді ресімдеу үшін көшпелі қызмет көрсетуге қажеттілік туындаған жағдайда Қордың мамандары барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, сапарға шығады. Көшпелі қызмет көрсету барысында 2021 жылдың 1 сәуіріне 12 628 операция жүзеге асырылды.
Елдің шалғай елді мекендерін зейнетақы қызметтерімен қамту үшін «БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ Қор салымшылары мен алушыларына ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны жүзеге асырды. Естеріңізге сала кетейік, «Қазпошта» бөлімшелерінде төмендегі операция түрлерін орындауға болады:
салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелері, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру);
хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін) туралы келісімге қол қою.
Жалпы алғанда, 2021 жылдың үш айында пошта операторының бөлімшелерінде осы операциялар 3,9 мың рет пайдаланылған.
БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметтерін көрсету және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамыту екенін атап өту маңызды. 2021 жылдың үш айында кері байланыс арналары арқылы салымшылардың өтініштерінің саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда үш есеге артты. 2021 жылдың 1 сәуіріне 600,5 мың өтініш, ал 2020 жылғы 1 сәуірге 214,8 мың өтініш түсті.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша call-орталықтан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) кеңес ала алады, сондай-ақ, кеңестерді www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары арқылы және Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ ресми парақшаларынан алуға болады.