Жаңалықтар

Ақмолалық медбике 1 миллион теңгені ұрлап, өзі арыз жазған

ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады

Ақмолада медбике медициналық үй-жайдан бір миллион теңгені ұрлап, өзі арызданған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 26 сәуірде Целиноград ауданының ПБ кезекші бөліміне Ақмол ауылының 26 жастағы тұрғынынан ағымдағы жылғы 7-26 сәуір аралығында жұмыс орнынан кілттерді іріктеу арқылы жеке медициналық үй-жайға заңсыз кіріп, сейфтен бір миллион теңгеден астам ақша қаражатын жасырын ұрлап кеткен белгісіз адамға қатысты шаралар қабылдау туралы өтініш келіп түсті.Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Алайда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер арызданушының бұл ақшаны өзі алып, екі ай ішінде жұмсап, өзі емделуге кеткенін анықтады.Жұмысқа оралғаннан кейін, ол өзінің жымқырғанын жасыруға шешім қабылдап, полицияға сейфтің есігі ашық екенін және сол жерден ақша жасырын түрде ұрланғанын жалған айтты. Әйел өз кінәсін мойындады.Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК 419-бабы (Көрінеу жалған сөз жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.