АҚШ пен Ұлыбритания Үндістанға ИВЛ аппараттары мен вакциналарға арналған прекурсорларды жеткізуді бастады, себебі онда бір аптаға жуық уақыт бойы COVID-19 аурушаңдығының тәуліктік көрсеткіші 300 мың жағдайдан төмен түскен жоқ. Вируспен байланысты күн сайынғы өлім жағдайларының орташа саны шамамен 2800 құрап отыр. Делиде толық локдаун ұзартылды, ауруханалар төсек орындардың толық болуынан немесе оттегі құрылғыларының жетіспеушілігінен науқастарды қабылдаудан бас тартуда. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Италияда барлар, мейрамханалар мен кинотеатрлар қайтадан ашылды.⠀
Францияда үш апталық үзілістен кейін миллиондаған балалар бастауыш мектептер мен балабақшаларға оралды.
Португалияда соңғы тәулікте пандемия басталғаннан бері екінші рет індеттен көз жұму жағдайлары тіркелген жоқ. Қаңтар айының соңында бұл ел жан басына шаққандағы індетті жұқтыру мен өлім жағдайларының саны бойынша әлемде бірінші орында болған.⠀
Жапонияда «Алтын апта» атты мерекелік маусым басталды. Мерекенің ресми түрде басталуы бейсенбіге сәйкес келеді, бірақ Токио мен Осака билігі қалалық сауда орталықтарында шектеулер қойды: олар жабық. Сондай-ақ тұрғындарға аса қажеттілік болмаса қаладан шықпауға кеңес берілді.
Швейцария билігі төрт ай бұрын енгізілген бірқатар шектеу шараларын жеңілдетуге шешім қабылдаған болатын. Бірақ, елде науқастар санының айтарлықтай өсімі байқалған және дәрігерлер бұл босаңсудың елеулі тәуекелдерге алып келуі мүмкін екендігін ескертуде. Еуропаның басқа мемлекеттері секілді, Швейцарияның да басты үміті вакцинациямен байланысты болып отыр.