“Мүгедектікке шығарып беремін”: түркістандық алаяқ ұсталды
«Мүгедектікке шығарып беремін» деп тұрғынды алдап кеткен түркістандық алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Түркістан ҚПБ арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғандығын жеткізген. Танысы мүгедектікке шығарып беремін деп, сеніміне кіріп, 150 мың теңгесін алған.
Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Түркістандық тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдікті әйелді қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген.Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде. Бас шарасы қолхатта.
Бүгінгі таңда, мемлекеттік жеңілдетілген жәрдемақыларды алып беремін деп алаяқтық жолмен азаматтарды алдап, сенімге кіріп, соңында полицейлердің көмегіне жүгініп жатқандар көбеюде.