Жаңалықтар

Қарағандылық жігіт куәлік жасап, 4,5 миллион теңге табыс тапты

33 жастағы әйелге алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жалған куәліктерді сатып, төрт жарым миллион теңге ақша тапқан қарағандылық алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 сәуірде Қарағанды қаласының ПБ-на 26 жастағы қала тұрғынынан өтініш түсті. Жәбірленушінің айтуынша, алаяқ мекен-жайға тіркеуге тұруға рұқсат алып беремін деп сылтауратып, 500 мың теңгені иемденіп кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция күдікті – 33 жастағы әйелді анықтап, ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

    «Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің тағы төрт ұқсас фактіге қатысы бар екендігі анықталды. Тұруға ықтиярхатынан басқа, ол азаматтық алуды және жүргізуші куәліктерін қомақты сомаға «рәсімдеген». Бұл қызметтердің барлығын ХҚКО арқылы алуға болады. Осылайша, алаяқтың аңқау азаматтарға келтірген залал мөлшері төрт жарым миллион теңгені құрайды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде, содан кейін соттың қарауына жіберіледі», – деді Қарағанды қалалық ПБ тергеу бөлімінің бастығы Марғұлан Әбілов.