Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылы 30 сәуірде өткен IV сессиясында депутаттар Жеңістің 76 жылдығы құрметіне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бірреттік әлеуметтік көмек төлеу туралы ұсынысты қолдады.Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.
Ардагерлерге 1 млн тг және еңбек майданына қатысушыларға әрі бейбіт уақытта қаза тапқан ардагерлердің жұбайларының әрқайсысына 50 мың тг біржолғы төлем беріледі.
Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен бірреттік төлемдер 17 мың адамға, оның ішінде ҰОС қатысушылар мн мүгедектерге, оларға теңестірілген еңбек майданына қатысушыларға және басқа санаттарға.
Сонымен, ҰОС 123 қатысушылары мен мүгедектерінің әрқайсысына 1 млн тг беріледі, 4 мыңға жуық адамның әрқайсысы 100 мың тг, ал 12 мыңнан астам адамның әрқайсысы 50 мың тг алатын болады.
Анықтама:
— Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері 1 млн тг (123 адамға 123 млн тг);
— жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға 100 мың тг (1709 адамға 170,9 млн тг);
— басқа мемлекеттердiң аумағындағы жауынгерлік ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 100 мың тг (2725 адамға 272,5 млн тг);
— Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесірлеріне 100 мың тг (1 адамға 0,1 млн тг);
— Ауғанстандағы немесе жауынгерлік ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына және қайта некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 100 мың тг (29 адамға 2,9 млн тг);
— еңбек майданына қатысушыларға (ҰОС кезінде тылда жұмыс істеген), соның ішінде КСРО медальдарымен және ордендерімен марапатталғандарға, сондай-ақ марапатталмағандарға 50 мың тг (12 мың адамға 600 млн тг жуық);
— ҰОС қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, ҰОС қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Блокададағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) 50 мың тг (590 адамға 29 млн тг жуық)