Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Жарияланды
Ол мереке достық пен ынтымақтастықтың құндылықтарын қамтитынын еске салды

Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Құттықтау мәтіні Ақорданың сайтында жарияланды.

Президент бұл мереке Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен белгіленгенің еске түсірді.

  «Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен белгіленген бұл мереке ғасырлар бойы қазақ жерінде берік орныққан достық пен ауызбіршілік, өзара құрмет пен сенім сияқты қастерлі құндылықтарға негізделген.

Тәуелсіздік кезеңінде негізі қаланған «әралуандығымыз – бірлікте» қағидаты Қазақстанның сан қырлы мәдениеті мен дәстүрін баға жетпес байлығымызға айналдырды.

Ырыс-ынтымақ пен отаншылдық рух ұлттық кодымыздың ұйытқысы болып отыр.Халқымыздың әділетті әрі дамыған мемлекет құрып, елімізді өркендету жолындағы мүддесі ортақ

.Біз қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің, өзара қолдау мен жасампаз еңбектің арқасында кез-келген қиындықты еңсеріп, көздеген мақсатымызға жетеміз,-деді Тоқаев құттықтау сөзінде.

 

Сондай-ақ оқыңыз