Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер 5 миллион теңгелік есірткі тәркіледі

Оның жасы 29-да

Атыраулық полицейлер 29 жастағы азаматтан 5 миллион теңге болатын есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Атырау қаласының аумағында синтетикалық есірткілермен бетбелгілерді орнатумен айналысқан 1992 жылы туған азаматты ұстады.

   «Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде 100 грамнан астам дайын есірткі тәркіленді. Бұл бес миллион теңге сомасына 3500-ден астам бір реттік дозаларға тең келеді. Ұсталған азаматтың айтуынша, тәркіленген есірткіні оған басқа қаладан жеткізген», – деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, аталған қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Облыс аумағында есірткі құралдарының түсу арналарын анықтауға бағытталған іс-шаралар жалғасуда.