Биыл химия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 14,2% -ға өсті

Жарияланды
Азықтық трикальцийфосфат 321% - ға артты

2021 жылдың 1 тоқсанында химия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 14,2% – ға өсті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабаралады. 

Өндіріс көлемінің артуы:

– жіңішке тартылған фосфор шикізаты 15% – ға (212 100 тоннадан 244 800 тоннаға дейін);
– фосфор қышқылы 6% – ға (8 667 тоннадан 9 205 тоннаға дейін);
– натрий триполифосфаты 48%-ға (5 085 тоннадан 7 529 тоннаға дейін);
– аммофос 2%-ға ( 102 595 тоннадан 104 660 тоннаға дейін);
– азықтық трикальцийфосфат 321% – ға (1 380 тоннадан 5 805 тоннаға дейін);
– натрий бихроматы 127%-ға (1 353 тоннадан 3 077 тоннаға дейін);
– металлургиялық хром тотығы 5% – ға (6 317 тоннадан 6 625 тоннаға дейін);
– хром сульфаты 1%-ға (2 630 тоннадан 2 664 тоннаға дейін);
– пигментті хром тотығы 55% – ға (1 332 тоннадан 2 059 тоннаға дейін);
– тұз қышқылы 5%-ға (10 071 тоннадан 10 571 тоннаға дейін).
 

Сондай-ақ оқыңыз