Қарағандылық алаяқ тұрғындардың атына заңсыз 12 онлайн-несие рәсімдеген

Жарияланды
Жалпы шығын көлемі 250 мың теңгені құрады

Қарағандылық өзгенің құжатын пайдаланып, он екі онлайн-несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Октябрь полиция бөліміне 61 жастағы қала тұрғынымен оның 20 жастағы ұлынан арыз түскен. Полиция қызметкерлерімен белгісіз біреудің жәбірленушілердің атына былтырғы жылдың шілде-қыркүйек айлары арылығында әрқайсысының атынан 20 мың теңгеден несие рәсімдегені анықталды. 

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен жәбірленушілердің туысы, 27 жастағы күдікті ұсталды. 

Полиция қызметкерлерімен оның осыдан басқа он екі ұқсас қылмыс жасағаны анықталды.

Күдікті сәті түскенде жәбірленушілердің құжаттарын суретке түсіріп алып, сол арқылы шағын несие беру мекемелеріне сурет жіберіп, 20 мыңнан 30 мыңға дейін несие рәсімдеп отырған. Жалпы шығын көлемі 250 мың теңгені құраған. 
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 187-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
 

Сондай-ақ оқыңыз