Жаңалықтар

Қазақстанда цифрлық теңге қашан қолданысқа енеді?

Пилоттық жоба биыл жүзеге асырылады

Ұлттық банк Қазақстанда валютаның жаңа түрі  – цифрлық  валютаны тестілеу үшін  арнайы платформа әзірлейді. Бұл жайында Ұлтты банк  бүгін жариялаған цифрлық теңге жайлы баяндамасында жазылған. 

Цифрлық теңге деген не?

Цифрлық теңге – бұл эмиссиясын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын жаңа ақша  нысаны. Баяндамада цифрлық теңге қолма-қол ақшаны немесе қолма-қол емес ақшаны ауыстыруға арналмаған, ол қағаз ақшамен қатар пайдаланылатыны жазылған. 

 Қазіргі уақытта ҚРҰБ ОБЦВ шешетін міндеттер, олардың эмиссиялау мен тарату тәсілі, пайдаланылатын технологияны, ақша-кредит саясатына, қаржылық тұрақтылық пен  төлем қызметтері нарығына әсерін айқындай отырып, цифрлық валюталардың артықшылықтары мен тәуекелдеріне жан-жақты зерттеу жүргізіп жатыр. Пилоттық жоба биыл  жылы қолға алынбақ. 

Бұл жұмысқа қаржы нарығының қатысушылары, сарапшылар қоғамдастығы және халықаралық әріптестер тартылған. Зерттеу шеңберінде Ұлттық банк  бөлшек цифрлық валюта бойынша пилоттық жобаны іске асыру, цифрлық теңгенің әсерін бағалау бойынша зерттеулер сериясын және цифрлық теңгенің ерекшеліктерін талқылау үшін нарыққа қатысушылармен және халықаралық әріптестермен бірнеше сессия өткізуді жоспарлап отыр. 

Осы жұмыс қорытындысы бойынша ҚРҰБ технологиялық инфрақұрылымға және ұлттық цифрлық валютаға байланысты мәселелерді реттеуге, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қойылатын талаптары бар цифрлық теңгені енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайтын болады.

Цифрлық теңгенің артықшылығы мен кемшілігі 

Баяндамада атап өтілгендей, регулятор цифрлық теңгені тестілеу үшін  арнайы платформасын әзірлейді.  Платформа  қаржы нарығының қатысушылары төлем сервисі қызметін көрсетіп, ал Ұлттық Банк инфрақұрылымды қамтамасыз ететін екі деңгейлі болмақ. 

 Цифрлық теңге эмитенті Ұлттық банк  болады. Пилоттық жоба шеңберінде шығарылатын цифрлық теңге бөлшек саудада қолданылады, яғни  оны көпшілік, соның ішінде жеке тұлғалар мен қаржылық емес ұйымдар да пайдалана алады. Цифрлық теңге жеке электрондық әмияндарға жазылады және олардың арасында орын ауыстыра алатын бірегей цифрлық реттілік форматында шығарылатын болады.

Сонымен қатар ҚРҰБ цифрлық платформаны технологиялық іске асырудың басқа да нұсқаларын қарастырады. Бұл ретте іске асырудың кейбір технологиялық тәсілдері Интернет желісіне қосылмай-ақ цифрлық теңгемен алмасуды қамтамасыз ете алады.Сонымен қатар цифрлық теңгені онлайн-транзакциялар үшін пайдалануға болады.

Ұлттық банк цифрлық теңгені енгізу бірқатар бірегей технологиялық сипаттамалардың арқасында Ұлттық төлем жүйесінің одан әрі дамуын қамтамасыз етуге және қолма-қол ақшасыз төлемдеріне тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді деп пайымдайды