Көлік жүргізушісі жұмыс орнынан 3 тоннаға жуық жем ұрлаған

Жарияланды
Залалдың жалпы сомасы 500 мың теңгені құрады

Ақмолалық жедел уәкілдер жем жымқарғандарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Аршалы АПБ кезекші бөліміне құс комбинатының күзет бастығынан жемнің жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шығын сомасы 500 мың теңгені құрады.

 Полицейлер малға арналған құрғақ азық қоспасын ұрлады деп осы мекемеде жүргізуші болып жұмыс істейтін 25 жастағы ер адам күдікке ілінді. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұл жүргізуші тапсырысты тасымалдау кезінде 2920 кг мөлшерінде жемді жымқыруға жол бергені анықталды, қолда бар дәлелдердің салдарынан ер адам өз кінәсін толық мойындады. Ол шаруашылығында шошқа бар екенін, ол үшін ол осы қылмысқа баруға шешім қабылдағанын айтты.

Ер адамға қатысты ҚР ҚК 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Тергеу амалдары жалғасуда.
 

Сондай-ақ оқыңыз