Үндістанда коронавирус инфекциясын (COVID-19) жұқтырғандар саны 20 миллионнан асты. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Үндістан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, тек соңғы 24 сағат ішінде елде COVID-19 инфекциясы 357229 адамнан анықталған.
COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 20 282 833-ке жетті.
Қауіпті вирус салдарынан тәулігіне 3449 адам қайтыс болды. Үндістанда коронавирустың салдарынан қайтыс болғандардың жалпы саны – 222 408.
COVID-19 диагнозы қойылған 3 447 133 науқас ем алып жатыр.
Үндістандағы COVID-19 инвекциясын алғаш жұқтырғандар 2020 жылы 30 қаңтарда тіркелген.