Жаңалықтар

​​БҚО шекарасында ішіктердің ірі партиясы ұсталды

Жүк көліктің ішінен 295 дана тон анықталды

​​БҚО шекарасында тондардың ірі партиясы ұсталды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

2021 жылдың 5 мамырында БҚО бойынша МКД экспорттық бақылау басқармасының қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пунктінде ірі көлемдегі тері бұйымдарын тиісті құжаттарсыз алып жүрудің жолын кесті.
 
Мемлекеттік шекара арқылы Ресей Федерациясына бара жатқан «IVECO» маркалы екі автокөлік құралының жүк бөлігін тексеру нәтижесінде тауар айналымы құжаттарында мәлімделмеген 295 дана тондар анықталды.

Қазіргі уақытта тауарлардың құны есептеліп, барлық мән-жайлар анықталуда. Оқиғаға қатысты барлық азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.