Жаңалықтар

Бюджетке қосымша 8,3 миллиард теңге өндірілді

2,1 мың кеден заңнамасын бұзушылық анықталды

Мемлекеттік кірістер комитетінің Ахуалдық орталығының атқарған жұмысы арқасында бюджетке қосымша 8,3 млрд.теңге өндірілген. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің ресми Telagram каналы хабарлады. 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Ахуалдық орталығының қызметі кезеңінде 2,1 мың кеден заңнамасын бұзушылық анықталып, бюджетке қосымша 8,3 млрд.теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар өндірілді. Бұл туралы ҚР ҚМ МКК хабарлады.

Кез келген мемлекеттің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі сауда қатынастарын тұрақты дамыту және өзінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Бүкіл әлемде кеден ісін дамыту кедендік әкімшілендірудің жаңа әдістерін және кедендік бақылаудың заманауи техникалық құралдарын қолдану арқылы бақылау процестерін оңайлатуға және біріздендіруге, жеделдікке және автоматтандыруға ұмтылады.

Осы үрдісті ескере отырып, 2019 жылы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жанынан Ахуалдық орталық құрылды, үшінші елдермен ЕАЭО-ның кедендік шекарасында орналасқан 19 өткізу пунктіндегі ағымдағы жағдайды мониторингтеуге, көлік құралдарының кедендік бақылаудың техникалық құралдарынан өту процесін бақылауға, тауарларды дұрыс декларациялауды және мемлекеттік бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың толық түсуін қамтамасыз етуге арналған.

Тәулігіне Ахуалдық орталық Қазақстан Республикасына келетін бір мыңнан астам көлік құралдарына талдау жасайды.
Ахуалдық орталықтың қызметі кезеңінде 2,1 мың кеден заңнамасын бұзушылық анықталды, бюджетке қосымша 8,3 млрд.теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар өндірілді.

Сонымен қатар, кедендік бақылау нысандарын жүргізу кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге, кедендік жете тексеріп қарауды жүргізу кезінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері жол беретін бұзушылықтарды анықтауға және оларға жол бермеуге ерекше назар аударылады.

Жұмыста жіберілген бұзушылықтар үшін аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының 129 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 20 лауазымды тұлға жұмыстан шығарылды және басқа жұмыс учаскелеріне ауыстырылды.

    «Қазіргі уақытта кедендік бақылаудың жаңа және жаңғыртылған техникалық құралдарын орнату мақсатында қолданыстағы өткізу пункттерін жаңғырту, сондай-ақ өткізу пункттерінде көлік құралдарының қозғалыс жолақтарын 2-ден 6-ға дейін кеңейту, автомобиль өткізу пункттерінде кедендік операцияларды жүргізу уақытын 30 минутқа дейін қысқарту бойынша жұмыс басталды. Бұдан басқа, ИТК рентген-түсірілімдерін талдау үшін жасанды интеллект тетіктерін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл сондай-ақ тауарлардың кедендік бақылаудан өту жылдамдығына оң әсер етеді, декларацияланбаған тауарларды әкелу көлемін қысқартады және шешімдер қабылдау кезінде адами фактордың әсерін азайтады», – деді МКК-де.