Жаңалықтар

Риддерде өрт толығымен сөндірілді

ТЖ режимі ШҚО-да енгізілетін болады

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Риддер қаласы мен Лесхозда кентінде өрттің қайта тұтану қаупі туралы пікір білдірді. Бұл туралы   ҚазАқпарат хабарлады.

   «Риддерде өрт толығымен жойылды. Қазір орманның жекелеген учаскелерін сөндіру жүріп жатыр, онда ағаш діңдері бықсып жатыр. Кешке қарай толығымен сөндіріледі деп үміттенеміз. Қазір тәуекелдер туралы айту қиын. Бұл туралы алдын ала болжам айту мүмкін емес. Бәрі өрт қалдықтарын жою барысында түсінікті болады», – деген Талғат Уәли ендігі мәселе ауа-райына байланысты екенін айтты.

«Егер қатты жел болмаса, форс-мажор болмайды деп үміттенеміз», – деді ресми өкіл.

Еске салсақ, кеше Риддерде ауқымды өрт болып салдарынан екі адам ауруханаға түсіп, 73 жастағы әйел адам көз жұмды. Соңғы дерек бойынша 283 гектар аумақ отқа оранған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Риддердегі тұрғын үйлерді қамтыған ірі орман өртіне назар аударып, жауапты орындарға зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсету туралы тапсырма берді .