Үндістанда індетке байланысты Тамилнаду, Раджастхан, Пондичерри және Карнатака штаттарында локдаун енгізді. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Times of India газетінің хабарлауынша, Үндістанның төрт штатында бұғаттау 24 мамырға дейін жалғасады.
Үндістанның Дели, Уттар-Прадеш және Харьяна штаттарында жұмыс істейтін шектеу шаралары 17 мамырға дейін ұзартылады.
Ал Уттаракханд штатында 11-18 мамыр аралығында коменданттық сағат енгізіледі.
Сонымен қатар, Кералада 9 күндік коменданттық сағат жарияланды.