Үндістандағы Ганг өзенінен отыз мәйіт табылды
Жарияланды
Елде вирус жұқтырғандар саны 22,2 миллионнан асты
Үндістанның Буксар қаласындағы Ганг өзенінен COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың кем дегенде отыз мәйіті табылды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі хабарлады.
Округ әкімшілігі көз жұмған адамдардың денесі көрші мемлекеттен сумен ағып келген болуы мүмкін деп мәлімдеді. Алайда жергілікті халық жағалауда орналасқан ауыл тұрғындары кремация мен жерлеу рәсімінің қымбат болуына байланысты қайтыс болған адамдардың денелерін өзенге амалсыздан лақтырады деп санайды.
Үндістан коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайларының тіркелуі бойынша әлемде екінші орында-елде вирус жұқтырғандар саны 22,2 миллионнан асты.