Шымкентте нан 5 теңгеге қымбаттады
Шымкентте 80 теңгеден сатылған бөлке, енді 85 теңге болды.Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады.
Ұн мен майдың бағасы да тұрақталған жоқ.
Күнбағыс майының бағасы 2 есеге өсті. Ал ашытқы 40 теңгеге қымбаттап кеткен. Жергілікті билік бағаны тұрақтандыру үшін арнайы келісім-шарт жасамақ.
Мониторингтік топтар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп нан бағасын 80 теңгеде сақтаймыз дейді. Нәтижесінде әлеуметтік дүкендердегі азық-түлік бағасы нарықтағыдан төмен болмақ.
«Бұл ретте арнайы жұмысшы топ құрылып, құзырлы мекеме басшыларының қатысуымен нанның шығындар бағамы қайта қаралып, нанның дүкенге жеткізілу бағасы 75 теңге, дүкеннің үстеме ақысы 5 теңге көлемінде белгіленіп, тұтынушыға 80 теңге көлемінде белгіленіп отыр»-деді ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы, сауда бөлімінің басшысы Қайрат Базарбеков.