Қазақстаннан Черногория, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Қырғызстан, Өзбекстан және Нидерландыға жаңа әуе рейстері ашылады. ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ведомствоаралық комиссия бірнеше бағыт бойынша тұрақты халықаралық әуе рейстерін ашуға рұқсат берген.
Черногория
15 мамырдан бастап аптасына 5 рейспен Алматы – Подгорица – Алматы және аптасына 3 рейспен Нұр-Сұлтан – Подгорица – Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша жолаушылар рейсі ашылады.
БАӘ
2021 жылғы 10 мамырдан Алматы – Дубаи – Алматы бағытында тұрақты рейс санын әр тарап үшін аптасына 5-тен 7 рейске дейін және Нұр-Сұлтан – Дубаи – Нұр-Сұлтан бағытында әр тарап үшін аптасына 3-тен 5 рейске дейін көбейген.
Қырғызстан
2021 жылғы 15 мамырдан бастап Қазақстан тарапы үшін аптасына 7 рейспен Алматы – Тамшы – Алматы бағытында жолаушылар рейсі ашылады.
Өзбекстан
2021 жылғы 15 мамырдан бастап әр тарап үшін аптасына 2 рейспен Алматы – Самарқанд – Алматы бағытында ұшақ үшады.
Сонымен қатар, 2021 жылғы 20 мамырдан бастап «Эйр Астана» АҚ-ның Атырау – Франкфурт – Атырау бағытындағы рейстерін кезең-кезеңмен Атырау – Амстердам – Атырау бағытындағы рейстерге ауыстыруына рұқсат етілді. Басында 1 рейспен, әрі қарай Нидерланд тарапынан шектеулердің алынып тасталуына қарай 2 рейске дейін арттыру көзделген.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады