Алакөл бағытына қосымша жазғы пойыздар іске қосылады

Жарияланды
17 маусымнан бастап

Ұлттық тасымалдаушы Алакөл бағытында қосымша жазғы пойыздарды іске қосады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

1) 2021 жылдың 17 маусымынан бастап №457/458 «Семей-Достық» қатынасында күн ара қатынау жиілігімен. Семей станциясынан тақ күндер бойынша, Достық станциясынан жұп күндер бойынша жөнелту;
2) 2021 ж.17 маусымынан бастап №459/460 «Өскемен-1 – Достық» қатынасында күн ара қатынау жиілігімен. Өскемен-1 станциясынан тақ күндері, Достық станциясынан жұп күндер бойынша жөнелту;
3) 2021 жылғы 20 маусымнан бастап №257/258 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» қатынасында жиілігі аптасына 2 рет қатынайды, жексенбі және бейсенбі күндері Нұр-Сұлтаннан, дүйсенбі және жұма күндері Достықтан жөнелтіледі.

Курорттық аймақ бағытында аптасына 2 рет жиілігімен қатынайтын №54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық» пойызы, сондай-ақ жазғы кезеңде құрамында «Нұр – Сұлтан-Достық» тіркемелі вагоны бар №121/122 «Нұр-Сұлтан-Семей» пойызы, №6941/6942 «Ақтоғай-Семей» пойызына Ақтоғай станциясында қайта тіркелетін № 21/22 «Қызылорда-Семей» пойызы құрамындағы «Алматы-Достық» қатынасындағы  тікелей вагон барлығын қаперге саламыз.

Сондай-ақ оқыңыз