Жаңалықтар

Биыл агроөнеркәсіптік кешенде 285 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Бұл ауылдық жерлерде 7 мыңға жуық тұрақты жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

Үкімет азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа шаралар пакетін әзірледі. Биылдың өзінде агроөнеркәсіптік кешенде 285 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Сондай-ақ, импорттық алмастыру бойынша 2021-2023 жылдарға арналған Кешенді жоспар әзірленуде.Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасын іске асыруға қатысты жиналыс өтті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген, негізінен импортты алмастыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, ең перспективалы инвестициялық жобалардың пакеті қарастырылды. Қазіргі уақытта құжаттың тармақтарын іске асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Ағымдағы жылы агроөнеркәсіптік кешенде 285 инвестициялық жобаны іске асыру ауылдық жерлерде 7 мыңға жуық тұрақты жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Жоспарланған жобалардың басым бөлігі ауылшаруашылық өнімдерін импортпен алмастыруға бағытталған: сүт фермаларын, құс фабрикаларын, жылыжайларды салу, ауылшаруашылық өнімдерін терең қайта өңдеу.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өндірістік қуаты 11,5 мың тонна болатын 4 сүт фермасы, 7,5 мың тоннаға құс етін өндіруге арналған 2 құс фабрикасы, 1,5 мың тоннаға 1 жеміс сақтау қоймасы іске қосылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, дәнді дақылдар, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 7 ірі экожүйені қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жергілікті өндірушілерге өндірістік процестің барлық кезеңдерінде аграрлық секторды дамытуға қатысуға серпін береді.«Нұр Отан» партиясы мен Үкіметтің ерекше бақылауындағы отандық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мәселесі туралы айта келе, Ә.Смайылов Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірге агроөнеркәсіптік кешені бойынша инвестициялық жобаларды  жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың сапалы әрі уақытылы қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен бірге 2021 жылға арналған Жол картасы аясында отандық нарықты қамтамасыз ету көрсеткіштеріне қол жеткізу қажет: алма – 80%, балық – 75%, шұжық – 70%, ірімшіктер мен сүзбе – 70%, қант – 65 %, құс еті – 75