Мальдив аралдарынан келген қазақстандықтар 14 күн оқшауланады

Жарияланды
Қаулы 17 мамыр сағат 00-ден бастап күшіне енеді

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов «Қазақстанға Мальдив аралдарынан коронавирус инфекциясы келуінің алдын алу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулыға қол қойды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

   «Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары: 1) Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарды 14 күнге үйде оқшаулауды (үй карантині) қамтамасыз етсін. Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен CОVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманың болуына және CОVID-19-ға қарғы вакцинациясының бар-жоғына қарамастан жүргізіледі; 2) Соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарды 14 күн бойы медициналық бақылауды қамтамасыз етсін», – делінген қаулыда.

Аталған қаулы 2021 жылғы 17 мамыр сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

 

Сондай-ақ оқыңыз