GGG боксшылар рейтингінде Мұхаммед Әлиді басып озды
                    
                                                    Жарияланды 
                                            
                                    
                                    
                
                
                                    
                        Геннадий Головкин 13-орында тұр
                    
                            Головкин ең үздік боксшылар рейтингінде Мұхаммед Әлиді басып озды. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
Boxrec.com салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) ең үздік боксшылардың тізімін жасады.
Америкалық Флойд Мейвезер бокс тарихындағы ең үздік деп танылды. Екінші орынды Эззард Чарльз, үшінші орынды Мэнни Пакьяо иеленді. Ал Арчи Мур, Рэй Робинсон, Джо Калзаге, Хуан Мануэль Маркес, Бернард Хопкинс, Андре Уорд және Владимир Кличко ТОП-10 қатарына енді.
Қазақстандық чемпион Геннадий Головкин қазір 13-орында тұр. Ол Мұхаммед Әли, Оскар де ла Хойя және Рой Джонс сияқты аты аңызға айналған боксшыларды басып озды.
39 жастағы Головкин IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.