Израиль Газа секторын шамамен 3100 зымыран ұшырды деп айыптайды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Газа секторынан Израильге 3100 зымыран атылды, оның 450-і анклавтың ішіне құлады, деп хабарлады Израиль армиясының баспасөз қызметі.
«19: 00-дегі жағдай бойынша Газа секторынан Израильге шамамен 3100 зымыран атылды, оның 450 сәтсіз ұшырылымы Газа секторына түсті», – делінген хабарламада.
Израиль мен Палестинаның Газа секторы арасындағы қақтығыс 10 мамырда кешке қарай ушығып кеткен болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, Израильде 10 адам қаза тапты, 50-ге жуық адам ауыр жарақат алды. Израиль Газа секторында да жүздеген соққы берді. Израильдің әуе шабуылында қаза тапқан палестиналықтардың саны 192-ге жетті, 58 бала қайтыс болды.