Алаяқ «жұмысқа орналастырамын» деп тұрғынды алдап кетті
Жезқазғанда алаяқ «жұмысқа орналастырамын» деп тұрғынды алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының ПБ-на 27 жастағы ер адамның өтініші келіп түсті. Ол белгілі бір адам алдап, 800 мың теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп алғанын айтты. Жәбірленуші жоғары жалақы төленетін кәсіпорындардың біріне жұмысқа орналасуды көздегені белгілі болды.
Ол жұмыс табуға көмектесуге уәде берген делдалға жолыққан. Бірақ өзінің «қызметі» үшін ол 800 мың теңге көлемінде материалдық сыйақы талап етті.
Өтініш беруші қажетті соманы төлеп, оны жұмысқа шақырғанша күткен.
Ол өзінің алаяқтың құрбаны болғанын түсінгенше төрт ай уақыт өтіп кетті. Полиция күдіктіні ұстады – ол 29 жастағы Сәтпаев қаласының тұрғыны болып шықты. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.