Эстонияда 16 жастан бастап халықты жаппай вакцинациялау басталды
Түркия үш аптаға созылған қатаң локдаунды жеңілдетіп, бірқатар карантиндік шектеулерді алып тастады. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Ел тұрғындарына қайтадан күндізгі уақытта үйлерінен шығуға рұқсат етіледі. Алайда сағат 21.00-ден бастап коменданттық сағат жұмыс істейді. Кафелер мен мейрамханаларға баруға әлі де рұқсат жоқ, дегенмен тағамды жеткізу қызметі жұмыс жасайды. Сауда орталықтары мен киім дүкендері жұмысын қайта бастайды. Түркияда мектептерді ашу мәселесі әлі шешілген жоқ.
Эстонияда 16 жастан бастап халықты жаппай вакцинациялау басталды. Бұл елде Германия және басқа да мемлекеттердегі сияқты белгілі бір санаттарға жасы мен мамандығы бойынша басымдықтар көзделмеген, кез-келген адам вакцина салдыра алады. BioNTech/Pfizer, Moderna және Johnson & Johnson вакциналары 50 жасқа дейінгі науқастарға егу үшін қолданылады. Эстонияның қалған тұрғындарына AstraZeneca препараты салынады.
Францияда коронавирустық инфекция бойынша жаңа жағдайлардың күнделікті өсімі және одан көз жұму деректерінің саны азайды. Пандемия басталғаннан бері Францияда 5 877 787 адам коронавирус жұқтырды, осы уақыт ішінде елдің 107 616 тұрғыны Сovid-19 диагнозымен қайтыс болды. Қазіргі уақытта Франциядағы қарқынды терапия палаталарында 4255 адам бар.