Қазақстанда соңғы екі аптада коронавируспен ауырғандар саны 20%-ға төмендеді
Қазақстанда соңғы екі аптада коронавируспен ауыру 20%-ға төмендеді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысы барысында COVID-19 бойынша елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Отырыста баяндама жасаған денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлемде COVID-19 бойынша сырқаттанушылық пен өлім жағдайы әлі де күрделі екенін атап өтті.
Бүгінгі күні әлемде КВИ-дің 163 млн астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 500 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 3,3 млн астам адам қайтыс болды, өлім-жітім көрсеткіші 2,1% құрады.
«221 елдің әлемдік рейтингіне сәйкес, Қазақстан сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша 105 орында, ал өлім-жітім көрсеткіші бойынша 106 орында», — деп нақтылады А. Цой.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша Қазақстанда 18 мамырдағы жағдай бойынша CОVID-19 оң нәтижесімен 362 030 науқас және КВИ- жағдайымен 54 153 жағдай тіркелді. Қазақстан Республикасы сары аймақта қалып отыр.
Ел өңірлері бойынша жағдай мынадай: қызыл аймақта 6 өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Атырау облыстары. сары аймақта 5 аймақ бар: Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы. қалған 6 өңір жасыл аймақта. Министрдің айтуныша, қазіргі уақытта аурудың төмендеуінің оң динамикасы және эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады. Сонымен, соңғы 2 аптада алдыңғы екі аптамен салыстырғанда ауруды жұқтыру 20%-ға төмендеді. Күн сайын төсек-орындардың толымдылығына жүргізілген мониторингке сәйкес, өңірлер бөлінісінде ағымдағы жылғы 18 мамырдағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың бос болмауы – 36%, реанимациялық төсек-орындардың бос болмауы – 28% құрайды.
Инфекциялық төсек-орындардың көп бос болмауы Нұр-Сұлтан қаласында – 49% және Алматы облысында – 45%, реанимациялық төсек-орындардың көп бос болмауы Нұр-Сұлтан қаласында – 52% және Алматы қаласында – 47% байқалады. Сондай-ақ, министрдің айтуынша 10 мамырдағы жағдай бойынша емделіп жатқан 41 мың науқас санының 18 мамырдағы жағдай бойынша 38 мың адамға дейін азаюы байқалады, оның ішінде стационарлық емделіп жатқан науқастар саны 15 мыңнан 13 800 науқасқа дейін, амбулаториялық емделуде 26 мыңнан 24 300 науқасқа дейін азайды.
Халықты КВИ-ге қарсы вакциналау жалғасуда «Бүгінгі күні вакцинаның 2,6 млн дозасы пайдаланылды, оның бірінші компоненті бойынша 1 871 823 адам егілді. Вакцинаның екінші компонентімен 778 346 адам қамтылды», — деді А. Цой. Бұл ретте бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына бірінші дозаны алғаннан кейін екінші компонентпен 21 күннен 90 күнге дейінгі кезеңде вакциналауға жол беретін өзгерістер енгізілді. Осылайша, азаматтар екінші дозаны бірінші дозаны алғаннан кейін 21 күннен бастап ала алады.
«Бүгінгі таңда егу пункттерінде вакцинаның жеткілікті мөлшері: бірінші компоненттің шамамен 500 мыңы және екінші компоненттің 750 мыңы бар. Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылуда», — деді министр.
14 мамырда Қарағанды фармацевтика кешеніне Спутник V-ті өндіруге арналған субстанция келіп түсті, қазіргі уақытта вакцинаның 1 млн 200 мың дозасын кезең-кезеңмен өндіру жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, осы айдың соңына дейін KazVac қазақстандық вакцинасы мен БАӘ-де өндірілген Хаят Вак вакцинасын жеткізу күтілуде. Санитарлық-эпидемиологиялық режим талаптарының сақталуы бойынша жағдай да Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында.
«Кәсіпкерлік объектілерінің қызметі мен эпидемиологиялық жағдай арасындағы теңгерімді сақтау мақсатында 18 қаңтардан бастап пилоттық режимде «Ashyq» жобасы іске қосылды, ол 26 сәуірден бастап бүкіл елде қолданыла бастады», — деді А. Цой.
Бүгінгі таңда «Ashyq» жүйесі барлық қызмет саласындағы 6 мыңға жуық нысанды қамтиды, 1 млн 400 мың пайдаланушы тіркелген. Сонымен қатар, «Ashyq» қосымшасы енгізілген сәттен бастап қызыл және сары мәртебесі бар 3 256 келуші анықталды, оның ішінде 1 867 ПТР тестінің оң нәтижесі бар науқастар және 1 389 ауруды жұқтырғандармен байланыста болған адамдар.
12 мамырдан бастап пилоттық режимде Нұр-Сұлтан қаласының және 21 мамырдан бастап Алматы қаласының әуежайларында «Ashyq» қосымшасы пайдаланылуда, бұл ПТР тестінің оң нәтижесі бар 37 науқасты және ауруды жұқтырғандармен байланыста болған 37 адамды анықтауға мүмкіндік берді. Бұл статистика көрсеткендей, өкінішке орай, кейбір азаматтар үйде оқшаулау режимін сақтамайды, халық көп жиналатын нысандарға баруға, ел ішінде жол жүруге тырысады, осылайша басқа келушілер мен ұшақтағы жолаушылар үшін ауруды жұқтыру қаупін тудырады.
«Бағдарламаны енгізу және кеңінен қолдану үшін тарату жұмыстары жалғасуда», — деп түйіндеді А. Цой.
Қарағанды облысында 17 мамырдағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 28 222 жағдайы тіркелді Өз кезегінде Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысында ағымдағы жылдың 17 мамырындағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 28 222 зертханалық расталған жағдайы тіркелгенін баяндады. Репродуктивті саны 1,16 құрайды. Облыста 4 899 инфекциялық орын бар, оның ішінде 399 реанимациялық орын қарастырылған. Инфекциялық орын қорының жүктемесі 34% болса, реанимациялық төсек-орын жүктемесі 19% құрайды.
«2020 жылы коронавирус инфекциясының жаңа толқынына дайындықтың жедел жоспарын іске асыру инфекциялық госпиталь ретінде бейімделген ғимараттардан бас тартып, коронавирус кезінде медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкес келетін объектілерді ғана пайдалануға мүмкіндік берді», — деді Ж. Қасымбек.
Стационарлар мен емханаларда дәрілік заттар мен жеке қорғану құралдарының үш айлық көлемі қамтамасыз етілген. Әкімнің айтуынша, эпидемияға қарсы қабылданған шаралар аурудың тез өсуіне жол бермеді. Осылайша, аймақтың денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің күрт артуына жол берілген жоқ. Шектеу шаралары ұйымдасқан еңбек ұжымдарында, бірінші кезекте, жүйе құраушы кәсіпорындарда, олардың әдеттегі жұмыс режимін сақтай отырып, ауру ошақтарының пайда болуын азайтуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта облыста үй ошақтары басым. Бұл ретте негізгі жүктеме 800 мыңнан астам тұрғыны бар Қарағанды қаласы мен серіктес қалалардың аумағына түседі.
«Қарағанды агломерациясы шеңберінде карантиндік шараларды күшейте отырып, біз облыстың басқа өңірлеріне инфекцияның таралуына кедергі бола аламыз», — деді Ж. Қасымбек.
Сонымен қатар, оның айтуынша, мектеп оқушыларын қашықтан оқыту режиміне көшіру сырқаттанушылық деңгейін 50%-дан астамға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Қарағанды облысында халықты белсенді вакциналау жалғасуда. Бүгінгі таңда 72 713 адам толық вакцина алды, бірінші компонентпен 146 037 адам қамтылды. Бекітілген мерзімге сәйкес мамыр айының соңына қарай 105 мың тұрғынды вакциналау толығымен аяқталады.
«Алдағы екі аптада қабылданған шаралар эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әкеледі деп санаймыз», — деді Ж. Қасымбек.
Шымкент қаласында вакцина алуға жатқызылған контингенттің 30%-дан астамына вакцина салынды Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалада коронавирус пандемиясы басталғаннан бері 10 931 ауру жағдайы тіркелгенін айтты. Емделіп шыққандар саны – 9 528, қайтыс болғандар – 134. А.ж. 18 мамырдағы мәлімет бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 30 жағдайы тіркелген.
«1 269 адам емделуде, оның ішінде 940 адам – үйлерінде карантин режимінде. Соңғы 14 күнде COVID-19 жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған 2 620 азамат амбулаторлық бақылауда», — деп нақтылады М. Әйтенов.
Әкімнің айтуынша, қала тұрғындарына қызмет көрсететін 11 ПТР зертханасы жұмыс істейді, олардың күніне 6 200 тест жасауға мүмкіндік бар. Осы уақытқа дейін барлығы 405 702 ПТР тест жасаған. Шымкент қаласы коронавирус инфекциясының ықтимал толқынына үш сценарий бойынша дайындалды: А – ағымдағы жағдай 1 290 төсек-орынды қамтиды; В – маусымдық эпидемиологиялық жағдай нашарласа, төсек-орын санын 4 016-ға дейін артады; С – эпидемиологиялық дағдарыс орын алса, 5 416 төсек-орын ашылады.
«Қала А сценарийімен жұмыс жасап жатыр. Жалпы, қаланың В және С сценарийлеріне дайындығы 100%. Қалада мамандандырылған инфекциялық 1 406 төсек-орын бар. Стационарда 679 азамат ем қабылдауда. Төсек-орын толымдылығы 48% құрайды, 727 төсек-орын бос. Жансақтау бөлімінде 159 төсек-орын бар, онда 76 адам ем қабылдауда. Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда төсек-орын саны 5 416-ға жеткізіледі, оның 604-і – жансақтау бөлімінде», — деді қала әкімі.
Бастапқы медициналық санитарлық көмек бойынша. Қаладағы 36 емханада 119 мобилді бригада жұмыс атқаруда. Жыл басынан бері 14 210 науқас қажетті дәрі-дәрмекпен қамтылды. Вакциналау бойынша. Биылғы ақпан айынан бастап азаматтарды вакциналау үшін 43 стационарлық және 25 жылжымалы бекет ұйымдастырылған, бүгінгі күнге дейін вакцинаның бірінші компонентімен 163 515, екінші компонентімен 66 657 адам егілген.
Вакциналау жүргізу үшін 753 медицина қызметкері оқытылып, жұмылдырылды. Бүгінге дейін вакцина алуға жатқызылған контингенттің 30%-дан астамына вакцина салынды. Дәрі-дәрмек қоры бойынша. Тұрақтандыру қоры шеңберінде бөлшек саудаға арналған дәрі-дәрмектерді сатып алуға дәріханалар айналымына және олардың қорларын толықтыруға 200 млн теңге бөлінді.
«Қалалық әкімдіктің резервінен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында оларды сатып алуға 180 млн теңге бөлінді. Медициналық ұйымдарда COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қоры бар», — деді М. Әйтенов.
Карантин режимін сақтау бойынша. Жыл басынан бері 535 рейдттік тексеру жүргізіліп, қаладағы 14 360 нысан мониторингпен қамтылды. Мониторинг қортындысымен нысандардың 11%-ына немесе 1 661 жауапты тұлғаға хаттама толтырылып, жалпы сомасы 102 млн теңгеге айыппұл салынды.
«Қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәуілік бойы жұмыс істейді. Бизнес субьектілері үшін «Ashyq» жобасы енгізілді. Қазіргі таңда 428 бизнес субьектісі жобаға қосылды, азаматтардың статусын анықтау барысында 25 «қызыл» және 87 «сары» азамат анықталды. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз, бірақ әкімдіктің қатаң бақылауында», — деп түйіндеді қала басшысы.