Халықаралық бағыттар бойынша аптасына 13 елге 40 бағыт бойынша 117 тұрақты әуе рейстері орындалады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
– Түркияға – аптасына 12 рейс;
– БАӘ-ға – аптасына 31 рейс;
– Өзбекстанға – аптасына 22 рейс;
– Ресейге – аптасына 10 рейс;
– Қырғызстанға – аптасына 7 рейс;
– Беларусьқа – аптасына 4 рейс;
– Украинаға – аптасына 4 рейс;
– Германияға – аптасына 9 рейс;
– Грузияға – аптасына 9 рейс;
– Тәжікстанға- аптасына 2 рейс;
– Оңтүстік Кореяға – аптасына 2 рейс;
– Египетке – аптасына 2 чартерлік рейс;
– Мальдив аралдарына – аптасына 3 рейс.