Елімізде жалпы көлемі 1,2 миллион тонна азық-түлік қоры бар

Жарияланды
Бұдан бөлек, 319,9 млн дана жұмыртқа және 5,6 млн тонна азық-түлік бидайы бар

Елімізде азық-түлік қоры жеткілікті. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тауарларының негізгі 32 санаты бойынша өңірлердің қамтамасыз етілуіне апта сайын мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Бұл мониторинг тұрақтандыру қорларындағы, ірі сауда желілеріндегі, жеткізушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қоймаларындағы қорларды апта сайын бақылайды.

Өңірлер жіберген деректер бойынша, республикада жалпы көлемі 1,2 миллион тонна болатын түрлі азық-түлік тауар қоры бар. Оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда – 625,2 мың тонна, қоймаларда – 173,2 мың тонна, сауда желілерінде – 345,1  мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 19,6 мың тонна қор бар. Бұдан бөлек, 319,9 млн дана жұмыртқа және 5,6 млн тонна азық-түлік бидайы бар.

Айта кету керек, азық-түлік өндірісі артып келеді және қорлар үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Сондықтан, азық-түлік тапшылығы жоқ және болмайды да.

Сондай-ақ оқыңыз