Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап цифрлық сауаттылық курстары өтеді

Жарияланды
Курс тегін оқытылады

«Жайна Астана» қоғамдық бірлестігі санитарлық нормаларды ескере отырып, I, II, III топтағы мүгедектерді, жеке көмекшілерді, мүгедек балалары бар ата-аналарды цифрлық сауаттылық бойынша тегін окыту курстарына шақырады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік корғау баскармасының көмегімен курстар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өтеді.

Сабақтар осы жылдың 4 мамырынан 30 қарашасына дейін төмендегі бағдарлама бойынша өтеді:

1. Негізі компьютерді пайдалану;
2. EGOV электрондық үкімет порталын оқыту;
3.Әлеуметтік қызметтер порталы;
4. ZOOM;
5. WhatsApp пайдалану;
6. Банк қосымшалары;
7. ЭЦҚ кілтін алу.

 

Сондай-ақ оқыңыз