Түркістан облысында автожолда 3 ақылы учаске іске қосылады

Жарияланды
Жалпы ұзындығы 359 шақырым

Түркістан облысында автожолда 3 ақылы учаске іске қосылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Түркістан облысында жалпы ұзындығы 359 шақырым болатын автожолда 3 ақылы учаскені іске қосу жоспарланып отыр.

Атап айтқанда: 
Шымкент-Ташкент – 84 шақырым;
Шымкент-Қызылорда – 195 шақырым;
Шымкент-Тараз – 80 шақырым.

Қазіргі уақытта көлік құралдарының транзитін үздіксіз бақылайтын бағдарламалық-аппараттық кешендер орнатылып, бақылау аркаларын орнату жұмыстары толығымен аяқталды. Яғни, жүйе ашық болады, шлагбаумдар орнатылмайтындықтан, қозғалысқа шектеу қөойылмайды. Түркістан облысы аумағында барлығы 11 аралық бақылау аркасы орнатылды, оның 3-і Ташкент, 2-і Таразға, 6-ы Қызылорда бағытында. 

Қазір жүйе сынақтан өтіп жатыр. 2021 жылдың маусым айында толық іске қосу жоспарланған.

Ақылы жолдармен жүріп өту үшін төлемақы мөлшерін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекітеді. Бұл ретте бұрыннан бар ақылы учаскелер (Нұр-сұлтан-Щучинск, Алматы-Қорғас және т.б.) бойынша төлемақы мөлшерлері негізге алынады.

Төлемнің 20-дан астам тәсілі қарастырылған. Бұл екінші деңгейдегі банктер (Каспи интернет-банкингін, Хоум банкті және т.б.), төлем терминалдары (Qiwi, woopay), сондай-ақ Кселл, Актив, Билайн сияқты ұялы байланыс операторларына СМС жіберу арқылы.
 

Сондай-ақ оқыңыз