​​Алматы облысында арақты заңсыз өндірген зауыт анықталды

Жарияланды (жаңартылды )
10 300 литр арақ өндірілді

Алматы облысында заңсыз өндірілген 10 300 литр арақ анықталған. Арақты Қарасай ауданындағы зауытта өндірген. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесе отырып, алкоголь өнімдерінің (арықтың) заңсыз өндірісінің фактісін анықтады.

Қарасай ауданында орналасқан зауытта «Наша Водка» белгісі бар арақтың 14 000 бөтелкесі (0,5 литрден) және  алкоголь өнімін құюға арналған пластик ыдысында мөлшері 3 300 литр құрамында спирті бар өнімінің заңсыз өндірісі анықталған.

Сондай-ақ оқыңыз