Бағалы қағаздар және олар туралы не білу керек?

Жарияланды
Облигация дегеніміз не?

Ісін жаңадан бастаған инвесторға «биржа» деген сөзді естігенде бірден басына келетіні – бағалы қағаздар. Олардың қандай болатыны және олармен қалай жұмыс істеу керектігін Fingramota.kz сайты мәлімдеді.

Облигациялар – тәуекелі ең төмен инвестициялар 

Облигация дегеніміз – бұл борыштық қолхат. Оларды шығаратын ұйым басқа сөзбен айтқанда, сізден қарыз алады, мәселен, бизнесін дамытуға, тауарларының түрін көбейтуге немесе ағымдағы шығыстарына. Әрине, оның орнына белгілі бір пайыз ұсынылады, яғни сіздің ақшаңызды пайдаланғаны үшін.

Облигациялардың артықшылықтары мен кемшіліктері

Облигациялардың кірістілігі әдетте депозиттерге қарағанда жоғары және әлеуетті инвестор әдетте оны алдын-ала біледі немесе оңай есептей алады. Сонымен қатар, облигациялардың сенімділігі басқа бағалы қағаздарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Облигациялар құнының шамалы ауытқуы қосымша артықшылық болады. Яғни, сіз облигацияны номиналды құнына өте жақын бағамен сататыныңызға сенімді боласыз.

Алайда, тәуекелдің төмен болуы аясында және облигациялардың кірістілігі басқа бағалы қағаздармен және қаржы нарығының құралдарымен салыстырғанда аз болуы мүмкін екенін түсіну керек. Сонымен қатар, егер ұйым эмитент бәрібір банкротқа ұшыраса (бұл, әрине, өте сирек кездеседі), онда инвестициялар қорғалмайды.

 Акцияларды, облигациялар сияқты, белгілі бір эмитент ұйым шығарады. Айырмашылығы, егер сіз оларды сатып алсаңыз, сіз компанияның «бірлескен иесі» боласыз, яғни сізде оның белгілі бір үлесі болады. Мысалы, егер барлығы 100 акция шығарылса, ал сіз олардың біреуін сатып алсаңыз, онда сіздің үлесіңіз 1% болады.

Компания құнының өсуімен оның акцияларының құны, тиісінше инвестордың әлеуетті кірісі де өседі. Бұдан басқа, акционерлер компанияның кірісінен үлес алуға құқылы, бұл ретте үлес акциялар санына тікелей байланысты. Бұл «дивидендтер төлеу» деп аталады.

Акциялардың түрлері

Жай акциялар. Акциялардың барынша таралған түрі. Олар акционерлердің жиналысында әрқашан дауыс беру құқығын береді, бірақ дивидендтерге кепілдік бермейді.

Артықшылық берілген акциялар. Дивидендтердің алдын ала айқындалған мөлшері болады — мысалы, компанияның пайдасынан пайыз бар. Олардың иелері, егер өткен жылдың қорытындысы бойынша дивиденд алмаған жағдайда ғана дауыс беруге қатыса алады.

Дивиденд төлеудің кезектілігі акциялардың түріне байланысты. Дивиденд есептеу тәртібі әдетте компанияның жарғысында жазылады. Алайда жай акциялардың иелері ұйым артықшылық берілген акциялардың иелері алдындағы барлық міндеттемені орындағаннан кейін ғана дивидендтер алатындығын түсінген дұрыс.

Акциялар – тәуекелді құрал

Инвестиция салу — қашанда тәуекел ету деген сөз. Бұл бағалы қағаздардың ықтимал кірісіне пропорционалды: сіз қаншалықты көп ақша тапсаңыз, соғұрлым үлкен тәуекелге барасыз. Инвесторлардың алдында тұрған үш негізгі тәуекел бар.

Жаңа бастаған инвесторларға арналған негізгі кеңестер.

Соңғы ақшаңызды бағалы қағаздар нарығына салмаңыз. Алдымен, өзіңізге сенімді қор дайындап алыңыз: ай сайынғы кірістің 3-тен 6-ға дейінгі бөлігін сенімді банкке депозитке салыңыз. 

Тәуекел мен кіріс арасында тікелей байланыс бар екенін естен шығармаңыз. Егер кейбір акциялар күрт қымбаттайтын болса (немесе олар сізге көтерілуі керек сияқты болса), сол сияқты олардың бағасы күрт төмендеуі мүмкін (немесе мүлде көтерілмеуі мүмкін).

«Барлық жұмыртқаны бір себетке салмаңыз». Егер сіз акцияларға ақша салуды шешсеңіз, әр түрлі салалардан бірнеше компанияны таңдаңыз.

Әрқашан жаңалықтарды қадағалап отырыңыз. Егер сіз қандай да бір компанияның тең иесі болсаңыз, оның жай-күйі қалай болып жатқанын және оның бағалы қағаздарының бағасы қандай екенін назарда ұстаңыз.

 

Сондай-ақ оқыңыз