Франциядағы атақты Лувр музейі карантиннен кейін қайта ашылды

Жарияланды
6 айлық карантиннен кейін

Франциядағы атақты Лувр музейі 6 айлық карантиннен кейін келушілерді қайта қабылдай бастады. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

Ашылудың алғашқы сағаттарында ғимаратқа кіре берісте үлкен кезек жиналып үлгерген. Франция билігінің шектеу талаптарын біртіндеп жеңілдетіп жатқандығын еске саламыз. Дәмхана және мейрамханалардан бөлек, пандемияға байланысты жарты жыл жабық болған музейлер ашылып жатыр.

Жыл басынан бұл елде эпидемия басталғалы бері 5 миллионнан астам Сovid-19 жағдайы расталды.

Сондай-ақ оқыңыз