Жаңалықтар

Қара металлургияның өсімі – 2,7% құрады

Қаңтар мен сәуір айының арасында

2021 жылғы қаңтар-сәуірде салада өндіріс көлемінің өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7% болды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабаралды. 

Өсімге:

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ: шойын өндірісінің 12%, болат өндірісінің 20% артуы;
«KSP Steel» ЖШС: көміртекті болат өндірісінің 8,4% өсуі;
«Евраз Каспиан Сталь» ЖШС: арматуралық прокат шығарудың 5% өсуі;
«Тараз металлургия зауыты» ЖШС – ферросиликомарганец өндірісінің 15% ұлғаюы есебінен болды.